Қазақстандықтар сапарларында поезды ұшаққа айырбастай бастады
2022 жылғы деректерге сәйкес, елімізде ұшақ пен поездың арасында таңдау жасауға тап келген үш жолаушының біреуі негізінен ұшақты таңдайды. 2010 жылы бұл көрсеткіш жеті адамның арасында біреуі болатын. Яғни қазір, әрбір поезд жолаушысына 1,8 ұшақ жолаушысынан келеді екен.
Бірінші несие бюросының дерегінше жолаушылар арасында әуе кемесін дұрыс көретіндер саны артқан. Соңғы 13 жылда әуеде сапарлайтын жолаушылар саны 3,2 есе көбейген. (2010 жылы 3,4 млн болса, 2022 жылы 11 млн). Өсім қазір де байқалып отыр. 2023 жылдыің екі айы ішінде 1,8 млн адам ұшақпен сапарлаған. Өткен жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 1,1 млн адам болған еді.
Ал, поездбен 2022 жылы 19,4 млн адам қатынапты. 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 34,6%, 2020 жылмен салыстырғанда 71,1% ұлғайған. Алайда, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен (34,4 млн) салыстырғанда анағұрлым төмен.