Шетелдерде және елімізде жылжымайтын мүлікті сақтандыру құны қанша?
Ұлттық Банк мәліметі бойынша, 2022 жылы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 228,9 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылымен салыстырғанда, 24%-ға артық. Сарапшылардың пайымынша, жақында Түркия мен Сирияда болған алапат жер сілкінісінен кейін қазақстандықтар жылжымайтын мүлік қауіпсіздігіне мұқият назар аудара бастады.
Freedom Insurance СК дерегі бойынша, соңғы екі аптада колл-орталыққа түскен 100 өтінімнің 30-ы мүлікті сақтандыруға қатысты болған. Компания мамандары елімізде «жер сілкіну» тәуекелі басталуының ықтималы төмен екенін, бірақ салдарының қымбатқа түсетінін атап өтті. Сондықтан аталған тәуекел жеке қарастырылып жатыр.
Кейбір дамыған елдерде жылжымайтын мүлікті сақтандыру ең басты сақтандыру бағдарламасы болып саналады. Ақпараттың ашық көздерінен және сақтандырушылардан алынған мәліметтерге сәйкес, қай елдерде мүлік міндетті түрде сақтандырылатыны анықталды.
АҚШ. Мұнда тұрғын үйді сақтандыру автосақтандырудан кейін екінші орында. Америкалықтар үй-жайларын өрттен, ұрлықтан, қатты дауылдан және қирайтын нысандардан жиі сақтандырады. Әр штатта тұрғын үйлерді сақтандыру әртүрлі бағаланады.
Ең арзан сақтандыру Невада, Нью-Джерси, Пенсильвания штаттарында – жылына 600-700 доллар (264 306-308 358 теңге). Ең қымбаты – Оклахома, Канзас, Небраска штаттарында – 3000 доллар (1 321 534 теңге).
Бразилия. Стандартты сақтандыру жиынтығы: бұзып кіріп ұрлау, өрт, жарылыс, циклон, жер сілкінісі, найзағай, тасқын, жаппай тәртіпсіздік және терроршылдық салдарларын қамтиды.
Аталған сақтандырудың құны – жылына шамамен 500 реал (42 642 теңге). Тұрғын үйді сақтандыру сыйлықақысы орташа алғанда, сақтандыру сомасының 0,4%-ын құрайды, қосымша сақтандырумен қамтуды қосқанда 1%-ға дейін көтеріледі.
Германия. Тұрғын үйді сақтандыру ерікті, бірақ, үй немесе пәтер ипотека бойынша алынған болса, сақтандыру кредит өтелгенше міндетті түрде болады. Немістер жылжымайтын мүлікті ұрлықтан және зақым келтіруден сирек сақтандырады. Тасқын және өртен жиі сақтандырады. Таулы аумақтарда және жағажайларда адамдар тұрғын үйлерін жер сілкінісі, су тасқыны және басқа зілзала апаттардан сақтандырады.
Тұрғын үйді базалық сақтандыру орташа алғанда, жылына 50-300 евро құрайды (23 326-139 957 теңге). Бұл орналасқан жеріне, үй-жайдың көлеміне және басқа факторларға байланысты.
Ұлыбритания. Тұрғын үйді өрттен, тасқыннан және басқа зілзала апаттардан міндетті сақтандыратындар – көбіне ипотека төлейтіндер және жалдаушылар. Өзге жағдайларда, жылжымайтын мүлікті сақтандыру ерікті түрде жүзеге асады. Қосымша төлемге тұрғын телімінде орналасқан басқа құрылыстарды сақтандыруы мүмкін, мысалы, гараж немесе қора, жаппаны.
Сақтандыру құны үйдің және орналасқан жерінің ахуалына тәуелді. 2023 жылы жылжымайтын мүлікті стандартты сақтандыру құны жылына 150-ден бастап, 600 фунтов стерлингке дейін барады (79 211-ден бастап, 316 845 теңгеге дейін).
Испания. Испандықтардың 75%-ы сақтандырылған үйлерінде тұрады. Олардың ішінде, 63%-ы сақтандырудың бұл түрін міндетті деп санауды қолдайды. Сұранымы жоғары Seguro de hogar базалық жиынтығы келесі тәуекелдерді қамтиды: өрт, тұтану, су басу және тасқын салдарларын, зілзала апаттары, вандализм. Базалық сақтандыруды үй иесі және жалдаушы ресімдеуі мүмкін.
Стандартты сақтандыру жиынтығының орташа құны – жылына шамамен125-140 евро (58 335-65 335 теңге).
БАЭ. Бұл жерде пәтер иесі сақтандыруға төлемейді, ол пәтер орналасқан тұрғын үй кешені иесінің міндеті. Жеке үйде сақтандыру міндеті тұрғын үйдің иесіне жүктеледі. Заңнама тұрғын үй иелерінен жеке үйді сақтандыруды талап етпейді, бұл әр адамның өз ниетіне байланысты. БАЭ ең қауіпсіз ел ретінде танылған, сәйкесінше зілзала апат пен ұрлық жасау сирек кездеседі, алайда, келеңсіз жағдайлар туындауы да мүмкін. Сондықтан адамдар өрттен, құбырлардың зақымдануынан, жарылыс, дауыл, ағаштардың құлауы және тағы басқа оқыс оқиғалардан сақтандырылады.
Сақтандыру құны жылына 200-ден бастап 1500 дирхамға дейін құбылады (23 988-179 916 теңге). Баға үйдің шаршы метріне және орналасқан жеріне байланысты.
Түркия. Сақтандырудың Түркияда екі түрі бар: міндетті және ерікті. Міндетті сақтандыруға DASK мемлекеттік сақтандыру пакеті жатады: ол жер сілкінісінен сақтандырады. Басқа жағдайларда жылжымайтын мүлікті сақтандыру ерікті саналады.
Жер сілкінуінен міндетті сақтандыру құны – жылына 1000-3000 түрік лирасы (23 227-69 683 теңге).
Австралия. Тұрғын үйді сақтандыру медицина және автосақтандырудан кейін үшінші орында. Сақтандыру шартын жасасу барысында қолайлы тәуекелдерді таңдауға мүмкіндік бар. Шарттағы санына байланысты полис құны соған тәуелді болады. Негізінде, азаматтар өз мүлкін тропикалық циклондардан, тасқыннан, торнадо және өрттен сақтандырады.
Тұрғын үйді сақтандыру құны – жылына 1700-2500 австралиялық доллар (493 580-725 852 теңге).
Таиланд. Корольдікте нысан бойынша сақтандыруға шектеу жоқ. Тұрғын үйді, пәтерді, үйдің ішкі өңдеуін сақтандыруға болады. Бұл жерде ұрлық жиі кездеседі, сондықтан адамдар сақтандыруды жиі сатып алады. Цунами, өрт, дауыл, тасқын және өзге зілзала апаттардан қосымша сақтандыруға болады.
Максималды қамту полисінің құны – шамамен жылына 20 000 батты құрайды (251 426 теңге).
Жапония. Мүлікті сақтандырудың2 түрі бар: касай-хокен (өрттен сақтандыру) және дзисин-хокен (жер сілкінуінен сақтандыру). Қазіргі уақытта елдегі үй шаруашылығының 60%-ы жер сілкінуінен сақтандыруды иеленген. Бұл сонымен қатар жанартаудың атылуы, цунами, жер шөгінуі апаттарын да қамтиды.
Дзисин-хокен полисі – касай-хокен сақтандырудың қосымшасы, оны жеке сатып алу мүмкін емес. Қатты жер сілкінісі болғанда компаниялар нұқсанды өтеу шығындарын өзіне жүктей алмайтын жағдайларда, мемлекеттік сақтандыру қолжетімді болады.
Өрттен сақтандырудың орташа құны – жылына 10 000-нан бастап 20 000 иенге дейін (32 207-64 414 теңге). Жер сілкінуінен сақтандыру полисінің құны – жылына 6 500-32 600 иен аралығында құбылады (20934-104994 теңге).
Қытай. Азаматтар тұрғын үйді өрттен және жарылыстан жиі сақтандырады.Полис сақтандыру мүлкінің зақымданғанын немесе ысырап болғанын қамтиды: ғимарат, үй жиһазы, өңдеу детальдары, жабдықтар, сауда саймандары және т.б. Екінші орында – тұрғын үйді бұзып кіріп ұрлаудан сақтандыру. Адамдар жылжымайтын мүлікті табиғи қауіптерден сирек сақтандырады, соның ішінде, жер сілкінісінен.
Сақтандырудың құны – шамамен жылына 1393-6965 юань (88 094-440 470 теңге).
Ресей. Сақтандырудың ең танымал түрі – өрттен жәнетасқыннан сақтандыру. Тұрғын үйді ерікті сақтандыру барысында мынадай тәуекелдер түрлерін таңдауы мүмкін: ұрлық, тұрмыстық газ жарылысы, найзағай түсуі, гидрожүйелердің апаты, ағаштардың, жарнама бағаналарының, басқа да тік конструкциялардың құлауы. Азаматтардың көбі (67%-ы) сақтандыруды агенттік жүйе арқылы алуды тәуір көреді.
Базалық полис құны – 2000-4000 рубль (11 590-23 181 теңге).
Қазақстан. Жалпы алғанда, мүлікті сақтандыру бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлікті келесі тәуекелдерден сақтандыруға мүмкіндік бар:
1) Өрт, жарылыс, найзағай түсуі;
2) Зілзала апаттар (тасқын, су басу, боран, дауыл, қара құйын, жер шөгуі, көшкін, құлама, қар басу, сел, бұршақ). Жер сілкіну тәуекелі жеке қарастырылады.;
3) Ақауы бар су, жылу, канализация құбырларына нұқсан келуі;
4) Сақтандырылатын мүлікті көлік құралымен басып кету, сақтандырылған мүлікке жануарлардың соқтығуы;
5) Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері, соның ішінде, бұзып кіріп ұрлау, тонау, қарақшылық;
6) Басқарылатын ұшақ аппараттарының және оның бөлшектерінің құлауы;
7) Клиентке бөтен көршілес үй-жайлардан су кіруі (пәтер, үй бөлігі);
Сақтандыру бағдарламалары бойынша тарифтер әр клиентке жеке белгіленеді. Сақтанушы бағдарламаның түріне сәйкес, шартты өзіне ыңғайлауы мүмкін: сақтандыру сомасын, тәуекелдерін, франшизасын және қосымша ережелерін таңдайды. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасы мен тариф ставкасының мөлшері есебінен белгіленеді және сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипатына байланысты.
Мысалы, 2010 жылы алынған 3-қабаттағы 1 бөлмелі пәтерді сақтандыру шамамен 24 000 теңге болады.
«Белсенді цифровизациялау және қаржылық сауттылық деңгейін көтеру, сақтандыру өнімдерін және сервисті дамытуға түрткі болды. Соңғы 3 жыл ішінде қазақстандық сақтандырушылар нарыққа жоғары технологиялық сақтандыру сервистерін енгізді. Атап айтқанда – жол-көлік оқиғасы нәтижесінде онлайн-төлемдерді 5 күн ішінде dtp.kz сайтынан алу және ОГПО, КАСКО автосақтандыру жазылымын ресімдеу. 2023 жылдың наурыз айының аяғында, жазылым үлгісінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтандыру бағдарламасын іске қосу жоспарланған», деп түсіндіреді Freedom Insurance СК сарапшылары.