Шетелдегі азаматтар арасында ең бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берген
Бүгінгі парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына 62 шет мемлекетте тұратын қазақстандықтар да дауыс бере алады. Онда Қазақстанның елшіліктерінде 77 сайлау учаскесі ашылған. Ең бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореяда тұратын отандастарымыз дауыс берді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Кореядағы нөмірі 258 учаскесінде дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 4:00-де басталып кеткен. Ал Астана уақыты бойынша сағат 05:00-де (жергілікті уақыт бойынша 07:00-де) Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде және Шанхай және Гонконг қалаларының Бас консулдықтарында сайлау учаскелері жұмысын бастаған.
Көп кешікпей, Сингапур, Малайзия және Моңғолиядағы сайлау учаскелері және Индонезия, Тайланд және Вьетнамда ашылған.
Бұл елдермен қатар Ташкент, Ашхабад, Исламабад және Душанбедегі, Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскаттағы сайлау учаскелері де таңнан ашылып, дауыс берушілердің қабылдай бастаған.
Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазандағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты.
19 наурызда сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс бере алады.
Бұған дейін СІМ сайлауды 800-ден аса халықаралық байқаушы бақылап отырғанын мәлімдеген еді.