Түркістан облысында 172 кандидат түрлі себептермен тіркеудан алынды
Түркістан облысында 172 кандидат түрлі себептермен тіркеудан алынды. Бұл туралы бүгін өткен брифингіде Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Өңірде барлық деңгейдегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған 1615 кандидаттың 1284-і тіркеуден өтіп, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын бастаған болатын. Сол тіркеуден өткен кандидаттардың бүгінгі сайлауға 1131 қатысып жатыр. Ал тіркеудан өткен 172 кандидат әр түрлі себептермен тіркеудан алынған.
«Тиісті комиссиялар мәслихаттар сессияларында жасақталып, сайлау тағайындалғаннан бастап жұмыстарын «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сай атқаруда. Өңірдегі 941 сайлау учаскелерінің 26-сы қолжетімділігі шектеулі сайлау учаскелері. Оның 5-і әскери бөлімдерде, 1-шипажайда, 16 емдеу мекемелерінде, 4-уақытша ұстау изоляторында орналасқан», – деді Әуелхан Елтайұлы.
Брифингте Әуелхан Елтайұлы сайлау комиссияларының басты мiндетi сайлауды заң талабына сай, заң бұзушылықсыз өз деңгейiнде ұйымдастырып өткiзу екенін атап өтті. Егер заң бұзушылықтар орын алса, тексеріс жүргізіліп, заң аясында қаралады.
Айта кетейік, сайлауға байқаушылар ретінде қатысуға аккредиттеу бойынша 33 қоғамдық бірлестік өтініш беріп, 26-сы аккредиттеуден өтті.