Австралия Иранға қарсы жаңа санкциялар салды

Жарияланды

Қара тізімге Ислам республикасының 27 азаматы мен 15 ұйымы енгізілді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Ресми Канберра бұл жеке және заңды тұлғаларды Ресейге дрон тасымалдады деп айыптап отыр. Иранда шерулерді күштеп басып, оған қатысушыларды жазалағандарға да шектеулер енгізілді. Бірақ Тегеран бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

Бұған дейін АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбритания да Иранға санкциялар салған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз