Қазақстан азаматтары IPO агенті ретінде табыс таба алады
AIX биржасы IPO-агент бағдарламасын жариялайды. Бұл туралы биржаның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Кез келген Қазақстан азаматы IPO-агенті болу арқылы табыс таба алады. Ол үшін қор биржасына IPO-ға шығуға қабілетті шағын немесе орта бизнестің қазақстандық компаниясын әкелу керек. Егер листинг сәтті өтсе, онда IPO агенті 50 000 долларға дейін жетуі мүмкін комиссияны алады», делінген хабарламада.
Қаржылық, заңды немесе өзге де консультациялық және делдалдық қызметтер көрсетуде тәжірибесі бар жеке немесе заңды тұлға IPO-агент бола алады.
IPO агенттің міндеті – компания менеджментінің AIX биржасының өкілдерімен алғашқы консультациясын ұйымдастыру, сондай-ақ листинг күніне дейін эмитентке консультациялық қолдау көрсету. Қор нарығында капитал тартуды жоспарлап отырған, шағын және орта бизнеске арналған «REMS» сегментіндегі AIX биржасының листинг талаптарға сәйкес келетін, кез келген салада қызмет ететін қазақстандық орта және шағын бизнес компаниялары эмитент бола алады.
Осылайша қазақстандықтар AIX IPO реферальді бағдарламасына қосылып, жергілікті компаниялардың қор нарығында өсуі мен дамуына көмектесу арқылы ақша таба алады.
Толық ақпарат aix.kz сайтында