Жаңа Үкіметтің алдында «импортталған инфляцияны» азайту міндеті тұр
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді. Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған. Сонымен қатар, осы жиында қолданыстағы заңға сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауынан кейін оставкаға кеткен Үкіметтің орнына келетін жаңа Үкіметтің басшысы мен құрамы да жариялануы мүмкін. Осы алқалы жиында Президент не айтуы мүмкін? Жаңа Премьер мен оның командасының алдында қандай міндеттер тұр?
Алдағы жаңа құрылған Мәжіліс отырысында мемлекет басшысы бірінші ретте өткізілген сайлауға қатысты пікір білдіреді деп ойлаймын. Себебі, бұндай форматтағы сайлау біздің елде 2004 жылдан бері болмады. Әрі жаңа Мәжілістің құрамында бүан дейінгі дәстүрлі «Аманат» «Ақ жол» Қазақстан халқы» партияларынан тыс өзге үш партия мен тәуелсіз можираторлық жүйемен сайланған депутаттар есебінен жаңа мәжілісте 30% үлеске ие болмақ. Президент осы өзгерісті алға тартып, Мемлекеттегі парламенттің рөлінің өзектілігін атап өтуі мүмкін. Екіншіден, Мемлекет басшысы жаңа Мәжіліс үшін алдағы уақытта өзекті деп санайтын мәселелермен бөлісіп, жаңа бағыт бағдар беру ықтималдығы бар. Ол бағыт бағдар мемлекеттегі баға қымбаттауының, яғни инфляцияны бәсеңдетуге қатысты айтылуы өте маңызды. Себебі, соңғы бір жылда Қазақстандағы инфляция деңгейі өте жоғары қарқынмен өсті.
Ертең жұмысқа кірісетін Жаңа Парламент пен егер ауысқан жағдай жаңа Үкімет осы инфляцияға қатысты қандай да бір оң шешім қабылдай ала ма?,-деген сауалға келер болсақ;
Бірінші кезекте, Мәжіліс негізгі функциясы мен өкілеттігі заң шығарушы орган болған соң, оның тікелей инфляцияны тежеуге қатысты шаралар қолдана алады деп айта алмаймыз. Ал, жаңа үкіметке келетін болсақ, олардың және Ұлттық Банктің алдында елдегі инфляция деңгейін ауыздықтау және елдегі әлеуметтік жағдайды нашарлап кетпеуін қамтамасыз ету міндеті бірінші кезекте тұрғанын бәріміз көріп отырмыз. Алайда, жалпы инфляцияның деңгейін ұстау тетіктері бірінші ретте Ұлттық Банк құзыреттілігінде тұрғанын ескерген жөн. Осы жерде айта кетейін, алдыңғы Үкімет тұсында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға көтеру секілді қатаң монетарлы саясатты іске асырып келді. Ал, енді үкімет тарапынан инфляцияны бәсеңдетуге қатысты қандай міндеттер тұр десек, ол бірінші ретте инфляцияға әсер етуші басты фактордың бірі «импортталған инфляция» көзін, яғни мемлекет экономикасына импортталған тауар есебінен болатын қымбатшылықты азайту үшін жергілікті өндірушілерді қолдау мәселесі тұр. Әсіресе, алдыңғы үкімет кезінде аса жоғарылап кеткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен бағасы күрт өскен тұрмыстық-химия өнімдеріне назар аударуы маңызды. Одан тыс жаңа үкіметтегі ұлттық экономика министрілігі, сауда және интеграция министрлігі, ауыл шаруашылығы және қаржы министрлігі еліміздегі инфляцияның бәсеңдеуіне әсер ете алатын тараптар ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, Үкімет жаңарып жатса су жаңа құрамдағы осы аталған ведомстволар өз міндеттерін осыдан бастулары керекдеп санймын.
Осы орайда алдыңғы Үкіметтің жалпы жұмысы көп жағдайда «тұрақтандыру» бағытында болды деп айта аламын. Әлихан Смайылов командасының тұсында болған негізгі экономикалық мәселелердің бастысы бұл инфляция еді. Бұған дәлел ретінде бірнеше әлеуметтік маңызы бар тауарлардың дефициті болуын атауға болады. Одан тыс КТК-дағы жағдайды да айтуға болады. Дегенмен, бұл жерде сыртқы елдің де факторы болғаны білеміз. Алайда, осыған қарамастан соңғы министрлер кабинеті мемлекеттегі мәселелерге белгілі бір деңгейде уақытылы әсер ете алды деп айтуға болады. Ендігі жерде осы үкімет шеше алмаған түрлі мәселелерді жаңа Үкіметке реттеу өте маңызды болып табылатынын ескеру керек.
Соңғы кезде Алдыңғы үкімет барлық проблемаларды Ұлттық қордан қаржы алу арқылы ғана жауып отырды деген пікір де айтылып жүр.
Алдыңғы үкімет Республикалық бюджеттің дефицитін жауып отыру үшін болжамды түрде Ұлттық Қордан 20-30% қаржы алып тұрғаны рас. Ал, негізінде Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі бұл бюджетті дефицитті емес, шығыны аз, табысы жоғары, яғни профицитті болуын қамтамасыз ету еді. Мысалы, соңғы уақытта еліміздің Ұлттық Қорына мұнайдан жақсы табыс түсіп жатыр. Алайда, ол қаражатты жинақтағанның орынына, бюджетке жұмсай беру үлкен мәселе болып отыр. Жалпы, жаңа үкімет осындай мәселе болмас үшін бюджетті құрғанда оптимизацияны қамтамасыз етуге тырысуы өте маңызды дер едім.