Марат Қарабаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Жарияланды

2023 жылғы 28 наурызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған өкілі Андрей Михневпен кездесті. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Қарабаев атап өткендей, Дүниежүзілік банк түрлі секторлардағы ірі жобаларды жүзеге асыруда Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады.

Кездесу барысында тараптар кәріздік суларды тазарту құрылғылары, автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, темір жолдарының құрылысы, Ақтау портын қайта құру және Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары да талқыланды.
Кездесу соңында тараптар әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, сенімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз