Amazon мен AliExpress-тен сатып алынған затты елге жеткізу арзандайды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Amazon, AliExpress секілді халықаралық онлайн-аладандан сатып алынған тауарларды елге жеткізу құны біршама арзандайды.

Бұл туралы «Қазпошта» басшысы Әсел Жанасова мәлім етті, деп хабарлады Samuryq-Qazyna ресми телеграмм арнасы.

Осы күндері Лондонда «Leaders in Logistics» аталатын логистикалық саммит өтіп жатыр. Оған еліміщз атынан Әсел Жанасова қатысуда. Оның сөзінше «Қазпошта» біршама уақыттан бері халықаралық онлайн-сауда алаңдарынан тауарларды елге жедел әрі арзан жеткізу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Мысалы, қазір Amazon сауда алаңынан Қазақстанға тауар жеткізу құны 75 доллар шамасында. Ал, AliExpess сауда алаңынан елімізге дейін тауар орта есеппен 30 күн ішінде жеткізіледі.

Форум аясында «Қазпошта» басшысы эстониялық Omniva поштасының басшысы Март Маги және Cainiao Europe Parcel Network логистикалық компаниясының басшысы Деннис Лимен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде Amazon, Alibaba, AliExpress және Lazada жеткізу сервистерін қазақстандықтар үшін жақсарту туралы келісімге қол жетті.

Осы жылы Amazon-нан сатып алынған заттарды елге жеткізу уақыты азайып, құны 7-9 доллар аралығында болады немесе 8 есе қысқарады.

Сондай-ақ оқыңыз