Yandex, Glovo, Volt енді қызметкерлері үшін әлеуметтік төлем жасайтын болады

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттарын таныстырды. Оның айтуынша, Кодексте еңбек нарығын либерализациялау мәселесі қарастырылған.

Оның айтуынша, бұл – икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді.

«Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сын қатерлерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастырады. Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілді  – бұлар табыс әкелетін еңбек қызметімен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркелмеген тұлғалар», дейді Назгүл Сағындықова.

Оның сөзінше, мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн- платформалар офертасына қосқан немесе жария шарт жасалған жағдайда ресми жұмыспен қамту деп танылады.

«Мысалы, онлайн Яндекс платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер  осындай категориялардағы жұмыскерлерге жататын болады», деді Еңбек вице-министрі.

Вице-министр онлайн платформада жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалмағанын, оларды сақтандыру жүйесіне енбей қалғанын айтты. Сол себепті аталмыш Кодексте ол азаматтарды сақтандыру жүйесіне енгізу мәселесі басты назарға алынып, жолдары қарастырған екен. Министрлік өкілдері осы мақсатта онлайн платформаға иелік ететін компаниялармен келіссөздер жүргізіп, олар міндеттелген әлеуметтік төлем енгізуге келіскенін айтты. Яғни, бұл төлемді жұмыскерлер емес, онлайн платформаның өзі төлейтін болады.
Естеріңізде болса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кодексте такси қызметінде, жеткізуші болып жұмыс істейтін азаматтарды алдағы уақытта жұмыспен қамтылған деп тану туралы мәселесі қарастырылғандығын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз