KASE индексі сыртқы факторлар әсерінен сәл нығайды

Жарияланды
Фото: shutterstock.com

KASE индексі сыртқы нарықтағы позитив факторлар әсерінен бүгін 0,57% нығайды. Бұл өсім жергілікті нағаюына ықпал етті, деп жазады «Фридом Финанс» брокерлік компаниясының сарашылары.

Әлемдік нарық

Наурыз айының ортасынан бері аймақтық индекстер өсім көрсетуге талпынып жатыр. Кеше SPX 3952 тармаққа дейін жетіп, 4 сағаттық уақыт аралығында 200-DMA сынағына жақындаған. Ал NQ бір уақытта 12488 тармақтан секіріп, 12830 деңгейіне жетіп қалды.

Индекстерге алдағы уақытта жергілікті қолдаудан да жоғары көтеріліп, қазіргі 3952 және 12488 тармақтан төмен түсіп кетпеуі маңызды. Өсу динамикасын сақтау үшін NQ 12830-12900 деңгейінде қалыптасып, ал SPX 4005 тармаққа жеткені маңызды.

Нарыққа не әсер етіп жатыр?

АҚШ пен Еуропа банк секторында дүрбелең болады деген қауіп біраз сейілді. Осы апта макроэкономикалық мәліметтер жариялануы тиіс. Оған қоса наурыз айында күтпеген жерден тұтынушылардың сенімі арта түсті. Осы факторларды есепке ала отырып, фьючерстер көтерілуге дайын.

Акцияларда не өзгеріс?

(+) MSFT, ATVI – Жапондық FTC Microsoft-пен келісім бәсекелестікті шектемейтінін мәлімдеді.
(+) NIO – Nio жоғары жылдамдықты электр көліктеріне керек аккумулятор алмастыру станцияларын сынауды бастады.
(=) MU – Micron Technology Q2: кірісі күтілген 20 млм доллардан төмен болған.
(+) MU -Micron ұзақ мерзімді болашағына «сенімді». Саладағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің біртіндеп жақсаруын күткен клиенттер қатары артқан.
(+) BABA – Alibaba жеке-жеке IPO-ға шыға алатын 6 компанияға бөлінді.
(+) NKE – Nike Жапонияда фирмалық Jordan дүкенін ашады.
(=) AMZN, AMC – Amazon AMC-ті сатып алу мүмкіндігін зерттеп жатыр.
(+) MSFT – Microsoft корпорациясы киберқауіпсіздік қажеттіліктері үшін жасанды интеллектімен жұмыс істейтін жаңа чат-бот ұсынады.
(=) AAPL – Қытай үкіметі Apple-ден дерек қауіпсіздігі мен құпиялылықты қорғауды күшейтуді сұрады.
(+) AAPL – Apple АҚШ-та жаңа «Қазір сатып алып, кейін төлеңіз» опциясын іске қосады.

Сондай-ақ оқыңыз