Қазақстан мен Ресейдің шекарасындағы «Желқуар» өткізу пункті уақытша жабылды

Жарияланды
паводок
Фото: КНБ РК

Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикисының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз