Сарапшылар 2023 жылы инфляция 12,2% болады деп болжам жасап отыр

Жарияланды

Сарапшылар 2023-2025 жылдары инфляция деңгейі бұған дейін жасалған болжамдардан жоғары болады деп күтеді. 2023 жылы респонденттер инфляцияны 12,2% (ақпанда – 11,8%), 2024 жылы – 8,8% (8,0%) және 2025 жылы – 7,2% (7,0%) деңгейінде болжайды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізген кезекті макроэкономикалық сауалнама нәтижесінде жазылған.

Сауалнамаға Қазақстанда макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 12 ұйым қатысқан. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері бар.

Респонденттердің болжамы 2023 жылдың ақпан айында жүргізілген соңғы сауалнамадан кейін біршама өзгерген.

Тауарлар мен қызмет экспорты және импорты бойынша болжамдар төмендеді. Қазақстан экономикасының өсуі мен мұнай бағасына қатысты болжамдар өзгеріссіз қалды.

Сөйтіп, 2023 және 2024 жылдарға арналған базалық мөлшерлеме бойынша болжамдар жылына орта есеппен  15,7%-ға (15,5%) және 11,7%-ға (11,4%) дейін өсті. 2025 жылы базалық мөлшерлеме 9,0% деңгейінде қалыптасуы мүмкін. Бұл алдыңғы бағалаулардан сәл төмен. Осылайша, нарық қатысушылары жоғары базалық мөлшерлеме сақталып және болашақта ол баяу төмендейді деп болжайды.

Пікіртерім нәтижесі мынандай:

(жақшада 2023 жылғы ақпандағы пікіртерім нәтижелері көрсетілген)

Көрсеткіш2022
(факт/ бағалау)
202320242025
Brent маркалы мұнай бағасы
баррель үшін АҚШ доллары
жылына орта есеппен
99,183,1(83,1)80,0(80,0)80,0(80,0) 
ЖІӨ
%, ж/ж
3,23,7(3,7)4,0(4,0)4,0(4,0) 
ТБИ
%, желтоқсан өткен жылғы желтоқсанға
20,312,2(11,8)8,8(8,0)7,2(7,0) 
Базалық мөлшерлеме
жылдық %, жылына орта есеппен
13,915,7(15,5)11,7(11,4)9,0(9,3) 
Тауарлар мен қызметтер экспорты
жылына млрд АҚШ доллары
92,5*89,3(91,6)93,0(93,9)90,7(90,7) 
Тауарлар мен қызметтер импорты
жылына млрд АҚШ доллары
58,7*59,5(60,7)60,7(60,7)60,0(62,9) 
USD/KZT курсы
жылына орта есеппен
460,5472,0(477,8)496,0(500,0)516,0(515,0) 

Ақпан айындағы пікіртерімде нарық қатысушылары доллар бағамы 477 теңге болуы мүмкін деген болжам айтқан еді. Ал иинфляция бойынша респонденттер болжамдарының медианалық мәні 11,2%-дан 11,8%-ға дейін көтерілген.

Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамы жоқ. Ол ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуы туралы нарықтың кәсіби қатысушыларының дербес пікіріне, бағалауына және күтулеріне шолудан тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз