Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларына өзгерістер енгізу барысында бизнес қауымдастығының ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, біраз оңтайландыратын өзгерістер қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №391 бұйрығына (НҚА) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 289 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Өзгертілген қағидалар 2023 жылғы 6 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімін 155 күнтізбелік күннен 75 жұмыс күніне дейін қысқарту бөлігінде, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын өткізетін салық төлеушілерді кеңейту бөлігінде түзетулер енгізілді, халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде, атап айтқанда, жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер және шикізат экспорттаушыларының тізбелерін нақтылау бөлігінде және ҚҚС қайтару мақсатында өз өндірісінің тауарларын өндірушілер қосылды.
Сонымен қатар, НҚА әзірлеу кезінде бизнес өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, НҚА-ға бірқатар оңтайландыратын өзгерістер мен толықтырулар қабылданды:
- темір жол көлік қызметтерін жүзеге асыратын контрагенттер бойынша «Пирамида» есебін қалыптастыруды тоқтату бөлігінде экспорттаушылар үшін жақсартатын толықтырулар енгізілді, бұзушылықтарды ескермейтін қосымша негіздер енгізілді (ҚҚС сомасын азайту 10АЕК-тен аспайтын, «Пирамида» бойынша, ТНҚ мен ЭШФ арасындағы алшақтықтар 10 АЕК-тен аспайтын, кейінге қалдыру, бөліп төлеу қолданылған кезде ҚҚС төлеу кезінде, тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар кезінде, экспедитор мен комиссионерде расталмаған бұзушылықтар болған кезде, жеткізушілер тауарларды жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды жойған кезде);
Сонымен қатар:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы бойынша ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған істер бойынша сәйкессіздіктердің түрлерін нақтылау бөлігінде;
– Салық кодексінің 152-бабының 12-тармағына сәйкес келтіру мақсатында халықаралық ұшуларды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармайды өткізетін субъектілерді «Пирамида» есебін бұзушылықтар есепке алынбайтын тікелей жеткізушілер санатынан алып тастау бөлігінде;
– салық төлеушіге Салық кодексінің 434-бабына сәйкес ҚҚС оңайлатылған қайтару тәртібі қолдану үшін өлшемшартты өз бетінше таңдау құқығын беру бөлігінде.