Өңірлік штабтарға ЖЖМ жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеру жүргізу тапсырылды
2023 жылғы 6 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуал бойынша кеңес өтті.
Жалпы ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.
Сонымен қатар кейбір өңірлерде жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуда шектеулер байқалады.
Осыған байланысты ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:
– Өңірлік штабтарға (ЖАО, БҚДД, МКД, ЭТД, ТМРД) ЖЖМ жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында өңірлік мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;
– Бұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды.