“ҚазМұнайГаз” акцияларының бағасы IPO-ға шыққан сәттен бастап 23,8% өсті
«ҚазМұнайГаз» құнды қағаздарының бағасы жұма күні 3,5%-ға көтерілген соң сәуірдің 10-ы сауданы 0,7%, 10 275 теңгеге дейін азаюмен аяқтады. Бұған Қазақстан қор биржасының ақпараты дәлел бола алады.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жазуы бойынша, жұма күні мұндай жақсы динамиканы «КазТрансОйл” акциялары да көрсете алды: олардың бағасы 1,1%-ға өсіп, KASE индексінің сол күні 0,6%-ға өсуіне әсер етті.
«Бұл компанияларға қатысты нарықтың көңіл-күйі шикізат бағасының өсімінен және жанар-жағармайдың ішкі бағасының көтерілуінен кейін жақсарған сияқты», – деп түсіндіреді қауымдастық.
“ҚазМұнайГаз» негізі 2002 жылы қаланды, бүгінге оның 87,42% акциясы «Самұрык-Қазынаға» тиесілі болса, қалғаны (9,58%) – Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі.
Өткен жылдың аяғында IPO-ға шыққан «ҚазМұнайГаз» акциялары қайталама сауда-саттығы ашылған болатын.