БҰҰ Ауғанстанда әйелдердің ұйымда жұмыс істеуіне тыйым салынуын қатаң сынға алды
Жарияланды
Мамандар бұл нәзік жандылардың құқығын таптап, қоғамдық өмірге араласуын шектейді дейді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
«Талибан» қозғалысының бұл әрекеті халықаралық құқық ережесіне нұқсан келтіреді, мұның салдары келешек ұрпаққа ауыр тиеді деп кесіп айтты, ұйым өкілдері.
БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі және ұйымның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы Роза Отынбаева бұл заңды қайта қарауға бастамашы болып отыр. Соңғы шешім ағымдағы жылы мамырдың 5-іне дейін нақты қабылдануы тиіс. Содан кейін ғана заңға түзетулер енгізіліп, жоспарлар құрылады.
БҰҰ-ның Ауғанстандағы кеңсесінің қызметкерлері бүгінгі таңда қашықтан жұмыс істеуде.