ФРЖ хаттамасынан кейін АҚШ индекстері құлдырады

Жарияланды

Фото: www.shutterstock.com

12 сәуір күнгі сауда саттықта АҚШ-тың қор биржасыдағы Nasdaq, Dow Jones Global және S&P US индекстерінің мәні төмендеді. Инфляция жайлы деректерді күтіп отырған инвесторлардың оптимизмі Фердералды резерв жүйесінің есебіне кейін су сепкендей басылды. Бұл туралы MarketWatch жазады.

Dow Jones индустриялық индексі 0,1%-ға төмендеп, 33 646,5 тармақты құрады. Dow химиялық компаниясы, Merck & Co фармацевтика компаниясы және Goldman Sachs инвестициялық банкінің акциялары жақсы өсім байқатты. Ал аутсайдерлер қатарында Walt Disney медиа конгломераты, Walgreens Boots Alliance дәріхана желісі және American Express қаржы компаниясының бағалы қағаздары бар.

S&P 500 нарық индексі 0,4%-ға төмендеп, 4 091,95 тармақты құрады. Жеті сектор сауданы «қызыл түспен» аяқтады.

Nasdaq Composite Technology Index 0,9%-ға төмендеп, 11 929,34 тармақты құрады. CrowdStrike Holdings және Datadog, AstraZeneca биотехнологиясының акциялары қымбаттады. Қытайлық JD.Com электрондық коммерция компаниясы, Warner Bros Discovery медиаконгломераты және PDD Holdings электрондық коммерция платформасының акциялары арзандады.

FOMC хаттамасы жарияланған соң, қор нарығына қатысушылардың көңіл-күйі түсіп кетті. Федералды резерв жүйесінің шенеуніктері банк дағдарысы АҚШ экономикасының бәсеңдеуіне әкеп соғатынымен келіседі. Хаттама деректері көрсеткендей, АҚШ-та рецессия биыл сәл кештеу «келуі мүмкін».

Сауда-саттық бастапқы кезеңінде трейдерлер инфляция деректеріне назар аударды. Наурызда тұтыну бағасының индексі (ТБИ) ақпандағы 6%-ға қарсы 5%-ды құраған. The Wall Street Journal сауалнамасына қатысқан сарапшылар бұл көрсеткіш 5,2% болады деп күткен еді.

Қандай компаниядар ел назарында болды?

Tessco Technologies акцияларының бағасы 87%-ға көтерілсе, American Airlines Group акциялары 9,2%-ға төмендеді. Әуе тасымалдаушының бірінші тоқсандағы болжамы инвесторлардың күткенінен төмен болды.

ShotSpotter акциялары 1%-ға қымбаттады. Технологиясы құқық қорғау оргадарында қолданылатын компания ребрендинг жасап, енді SoundThinking деп аталады.

Мәскеу биржасы индексі 0,2%, RTS доллар индексі – 0,2% өсті.Ал KASE индексі 0,44%-ға өсіп, 3 461,91 болды. Қағаздары биржа көрсеткішіне енгізілген бес компанич акцияларыныі саудасы қызыл аймақта аяқталды.

Лондон қор биржасында Kaspi бағалы қағаздарының бағасы 0,97%-ға, $72,7-ге дейін, Қазатомөнеркәсіп акцияларының құны – 0,3%-ға, $29,95-ке дейін, Halyk Bank GDR-і – 0,3%-ға, $12,1-ге дейін өсті.

Сондай-ақ оқыңыз