ҚҚК жоспарлы жөндеуден соң жұмысын қайта жалғастырды

Жарияланды
"Транснефть" сообщила об очередных попытках обстрела нефтепровода "Дружба"

Фото: kursiv.media

Бүгін «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырыны қондырғылары 72 сағаттық жоспарлы үзілістен соң, жұмысын қайта бастады деп хабарлады Каспий Құбыр Консорциумы.

10 сәуірден әртүрлі мұнай құбырлары жүйелері, мұнай айдау станциялары мен теңіз терминалында ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген.

Сонымен қатар сорғы станциялары мен мұнай құбыры жабдықтары жұмысы тоқтағанда ғана жүзеге асыралатын күрделі жөндеу өткен. КҚК мамандары мен мердігерлер бүкіл желідегі авариялық және агрегаттық қорғаныс жұмысын тексерген. Қазақстан Республикасындағы «Атырау» ПС және Ресей Федерациясындағы ПС-4 тазалау және диагностикалық құралдарды іске қосу камерасында шар клапандары жоспарлы түрде ауыстырылған. Магистральдық мұнай құбырының бірнеше учаскелерінде П2 және Р5-У жөндеу конструкцияларын орнату арқылы термиялық гильзалар ауыстырылып, ақаулар жөнделді.

Қазақстан Республикасында Теңіз мұнай айдау станциясында өрт және газды анықтау жүйесін жаңғырту, сондай-ақ Атырау мұнай айдау стансиясында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Сорғы шеңберінде әрқайсысының көлемі 20 000 м3 болатын екі жаңа резервуардың құрылысы аяталған, оны іске қосу 2023 жылға жоспарланған.

Бұған дейін КҚК теңіздегі терминалы шығыңқы айлақша құрылғысы арқылы (ВПУ) мүнайды ауыстырып тиеуді тоқтатып, жұмыстың жоспарға сай тоқтауына байланысты резервуар паркіне мұнай қабылдамайтын хабарланған еді.

Қазақстан мұнай экспортының басым бөлігі осы мұнай құбыры арқылы тасымалданады. КҚК техникалық себептерге байланысты бұған дейін де бірнеше рет мұнай жөнелтуді тоқтатқан болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз