ҚТЖ және Shandong Port Group цифрлық өнімдерді бірлесіп дамыту туралы келісті

Жарияланды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР ірі порт операторы Шаньдун порт тобы (Shandong Port Group, SPG) қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде мультимодальды контейнерлік сервистер мен цифрлық өнімдерді бірлесіп дамытатын болады.Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» хабарлады.

Құжатта цифрлық көлік-логистикалық сервистерді, порт және терминалдық қызметтерді дамыту, сондай-ақ теңіз тасымалдарын, оның ішінде Каспий және Қара теңізіндегі теңіз буынын дамыту саласындағы ынтымақтастық көзделген. 

Бұдан басқа, тараптар тұрақты контейнерлік сервистерді құру үшін Қазақстан арқылы маршруттарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын бірлесіп пайдалану мүмкіндігін зерделейді. 

Кездесу аясында қатысушыларға Қытай, Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО және Таяу Шығыс елдерінің сауда логистикасын байланыстыратын Алматы агломерациясындағы сауда – логикалық хаб-жобаның тұжырымдамасы таныстырылды.

Сондай-ақ оқыңыз