Газ жарылысынан баспанасыз қалған жаңаөзендіктерге жаңа пәтер беріледі

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі» , делінген хабарламада.

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы тұғын үйде газ жарылып, 11 адам зардап шеккен.

Алдын ала болжам бойыyша, қаланың 2-шағын аудандағы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға болған жерде өрт шықпады.

«Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп – салдары анықталып жатыр», делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз