Қолайсыз ауа райының кесірінен Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа жеткізілмеді

Жарияланды
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа жете алмады
Фото: Kursiv.media

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесі басталды. Істі Байқоңыр ауданы сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Бағлан Ыдырысов қарайды. Сотқа Арыстанбек Мұхамедиұлы онлайн форматта қатысып отыр. Оған қолайсыз ауа райы себеп болған.

Судьяның айтуынша, сотталушы Мұхамедиұлы келесі сот отырысына офлайн қатысады.

Іс бойынша төрт сотталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы, Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садвакасова.
Айта кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды. Оған дейін бес жыл мәдениет және спорт министрлігін басқарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын сомасы 7 миллиард теңгені құрағанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз