Маңғыстау мен Астанада инфляция жоғары

Жарияланды (жаңартылды )

Фото: shutterstock.com

Қазақстан өңірлері арасында Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында инфляция жоғары болып тұр. Ұлттық Банк ҚР өңірлеріндегі инфляцияға қатысты деректерді жариялады.

ҰБ дерегі бойынша, республикада 2023 жылдың наурыз айында  жылдық инфляция 18,1%-ды құрап (ақпанда – 21,3% болған), бүкіл өңірде баяулаған. Жылдық инфляция 11 өңірде жалпы республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.

Дегенмен, Маңғыстау облысындағы инфляция 21,7 пайызды құрап, республикалық мәннен асып түскен. Бұл – мұнайлы өлкені қымбатшылық қысып тұр деген сөз. Сонымен қатар Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында да инфляция жоғары.

Азық-түлік тауарлар бағасының өсуі бір жылда 20,5%-ға дейін (ақпанда – 26,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 18,1%-ға дейін (ақпанда – 20,5%), ақылы көрсетілетін қызметтер
бағасының өсуі 14,4%-ға дейін (ақпанда – 15,0%) баяулады.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары ел бойынша деңгейден (20,5% ж/ж) жоғары Маңғыстау (26,8%), Қызылорда (22,6%), Алматы (22,0%), Атырау (21,8%), Батыс Қазақстан (21,2%), Павлодар облыстарында және Астана қаласында (21,1%-дан), Қарағанды мен Жетісу (21,0%-дан), Ақмола (20,8%), Абай (20,7%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (20,6%) қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы елдегіден (18,1% ж/ж) жоғары Астана қаласында (28,7%), Шығыс Қазақстан (20,3%), Солтүстік Қазақстан (19,1%), Жетісу (18,5%), Абай (18,4%), Атырау мен Түркістан (18,3%-дан) облыстарында өсті.

Ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,4%-ға дейін ж/ж баяулаған. Бұл ретте Ақмола, Маңғыстау мен Ұлытау (17,8%-дан) облыстарында, Павлодар (16,4%), Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан (16,2%-дан) облыстарында, Алматы қаласында (16,0%), Қарағанды (15,9%), Батыс Қазақстан (15,4%), Шығыс Қазақстан (14,9%) және Қостанай (14,8%) облыстарында мәндер жалпы республикалық деңгейден жоғары қалыптасты.

2023 жылғы наурызда елде айлық инфляция 0,9%-ға артты. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары наурызда 0,6%) жоғары.

2023 жылғы ақпан айында еліміздегі инфляция деңгейі 21 пайыздан асып, рекорд орнатты. Ал наурыз айында сәл баяулап 18 пайыздың айналасында тұрақтады.

Сарапшылар биыл да ел бюджеті шығынының көбеюі (шығын 1,5 трлн теңгеге артты), жанар-жағармайдың қымбаттауы, коммуналдық қызмет тарифінің өсуі – жылдық инфляцияның артуына себеп деп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз