Украина Қарулы Күштеріне халықтың қайырымдылық көмегі өткен жылға қарағанда екі есеге азайған

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Украинаның Қарулы Күштерінің қажеттіліктеріне арналған қайырымдылық көмек өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған. Бұл жайлы осы елдің жергілікті басылымдары жазады.

Украина халқы Украина қарулы күштеріне орта есеппен 1525 гривен берген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштерден екі есе аз.

Postmen коммуникациялық агенттігі жүргізген сауалнамаға сәйкес, егде жастағы азаматтар әскери қайырымдылыққа азырақ қаражат жұмсайды екен. Әсіресе, 50 жастан асқан украиндар арасында қайырымдылыққа көп ақша жұмсайтындар аз. Жастар керісінше, барынша қолдап, көбірек беруге дайын. Сұралғандардың 90,3 пайызы бір жыл бойы Украина Қарулы күштеріне қаражат аударып отырған.
Зерттеушілер сондай-ақ Украинада қалған украиндардың шамамен 80 пайызын және Ресей соғыс бастағаннан кейін шетелге кеткен украиндардың 20 пайызынан сұхбат алған. Польша, Германия, Ұлыбритания және Францияға кеткен халықтың басым бөлігі яғни 82 пайызы соғыс бітпей, Украинаға оралмайтынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз