Жеңіс Қасымбек Астанадағы LRT құрылысын 2 жылда аяқтамақ

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Астанада LRT жобасының бірінші кешенін салу басталды. Бұл туралы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Астана әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

«LRT бірінші кешенін іске қосу үшін құрылыс қайта жанданды. Жобаны 2 жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Жиында елорда әкімі биыл қаладағы барлық проблемалы үлестік құрылыс пайдалануға берілетінін атап өтті. Бұл жобалар «Нұрлы жер» бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Биыл наурызда 2030 жылға дейін қалалық реновация бағдарламасы өзектендірілді. Оның аясында апатты жағдайда тұрған 206 үйдің тұрғындары көшіріледі», – қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін қала әкімі LRT құрылысын қытайлы компания аяқтайтынын айтқан еді.

2023 жылдың қаңтар айының соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын аяқтау керек деп мәлімдеді. Оның ойынша, қоғамдық көлік кептелесі мен оған жұмсалған қаржыны ескере отырып, елорданың басқа амалы жоқ.

Ақпан айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астанадағы LRT құрылысына қосымша 50 млрд теңге бөлентінін мәлімдеді. Министр Марат Қарабаевтың айтуынша, қаржыны биыл сәуір айында әкімдікке беру жоспарланған.

Ал экономист Мүрат Қастаев «LRT құрылысы – бұл инвестициялық емес, саяси жоба» деп тұжырымдайды.  

Сондай-ақ оқыңыз