Елімізде балабақша тәрбиешілерінің жалақысын өсіруге 28 млрд теңге бөлінбек

Жарияланды

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі. Бұл туралы  inbusiness.kz хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне түзету жобасын әзірледі.

Құжатқа сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің лауазымдық жалақысының белгіленген мөлшеріне 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін белгілеу қарастырылған. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 27 799 880 мың теңге қаражат қажет.

Жоба 2023 жылдың 5 мамырына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз