АҚШ климаттың өзгеруімен күреске $1 млрд бөлмек

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

АҚШ Президенті Джо Байден дамушы елдерге климаттың өзгеруімен күреске деп 1 млрд доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлайды.

«Бүгін мен АҚШ-тың «Жасыл климаттық қорға» 1 миллиард доллар бөлетінін қуана жариялаймын. Бұл қордың дамушы елдерге көмек көрсетудегі маңызы зор», – деді Байден «Ірі экономикалардың климат және энергетика жөніндегі» форумында.

«Жасыл климат қоры» – дамушы елдерге климат өзгеруін салдарын жеңілдетуге көмектесу мақсатында құрылған қор. Ол БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы конвенциясы шеңберінде ұйымдастырылған. Аталмыш қор көміртекті емес жобалар мен климат өзгерісіне төзімділікті арттыруға бағытталған бағдарламаларды қаржыландырады.

Сонымен қатар, АҚШ Президенті Конгресстен алдағы бес жылда Бразилиядағы орманарды қорғау үшін 500 миллион доллар сұрайтынын мәлімдеді.

Байден өзге елдерді де климаттың өзгеруімен күресуге, сондай-ақ, бүкіл әлемдегі ормандарды қорғауға инвестиция салуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз