2-мамырда Алматыда балаларды тегін үйірмелерге тіркеу басталады

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Алматыда 2 мамырда сағат 18:00-ден бастап балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады. Бұл www.damubala.kz жаңа порталы арқылы жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

26 сәуірден бастап үйірмелер мен секциялар өткізу қызметін ұсынушы компаниялар қызмет көрсетуге өтінім бере алады.

Әкімдік дерегінше, биыл балалар спорты және шығармашылық саласында мемлекеттік тапсырысты іске асыру өкілеттігі аудан әкімдіктеріне берілді.

«Бұл заң бұзушылықтың алдын алып, кемшіліктерге кеңшілік бермейді. Өтінім қарау және ваучерлерді бөлу мемлекеттік тапсырыс үшін қаржы көлемі толық бөлінген кезде аяқталады» делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз