«Магистральдық су ағызғы» ЖШС облигациялары KASE тізіміне ресми енгізілді

Жарияланды

Қазақстан қор биржасының (KASE) листингтік комиссиясы Kz2p00009749 «Магистральдық су ағызғы» ЖШС облигацияларын KASE ресми тізіміне «жеке орналастыру» алаңына енгізді. Облигацияларға mvdopp1 қысқартылған белгісі (сауда коды) берілген. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті хабарлады.

«Магистральдық су ағызғы» ЖШС «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту «1 кезек» инвестициялық жобасын іске асыру үшін  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 50 млрд теңге сомасына дағдарысқа қарсы қаражатты тарту шеңберінде жалпы сомасы 50 млрд теңгеге 50 млн облигация шығаруды жүзеге асырады.

Өз кезегінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дағдарысқа қарсы қаражат беру үшін «Магистральдық су ағызғы» ЖШС облигациялық қарыз түрінде «Самұрық-Қазына» АҚ-тан осындай облигациялық қарыз тартады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының экономикасын қайта жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2022 жылғы 30 желтоқсандағы шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 70 млрд теңге көлемінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді. «Самұрық-Қазына» АҚ 2023 жылы  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  осы қаражатты 50 млрд теңге және 20 млрд теңге сомасына екі облигациялық қарыз түрінде беруді жоспарлап отыр. Алынған дағдарысқа қарсы қаражатты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Магистральдық су ағызғы»ЖШС ұқсас облигациялық қарыздар түрінде береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы қаражаттан басқа, жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылғы қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қарызы тартылды.

Сондай-ақ оқыңыз