2023 жылдың мамыр айынан бастап Орталық депозитарийдегі шоттарды сегрегациялау жүргізіледі

Жарияланды

«Қазақстан қор биржасы» АҚ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-дан Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийлерінің талабы бойынша депоненттердің шоттарын сегрегациялауды жүргізу ниеті туралы ақпарат алғанын хабарлады.

«Орталық депозитарийдің ресейлік депоненттерінің активтерін сегрегациялау процесін Орталық депозитарий 2022 жылы Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийлерінің талабы бойынша бастаған. 2023 жылдың мамыр айынан бастап Орталық депозитарий ұстаушылары Ресей Федерациясының және/немесе Беларусь Республикасының азаматтары немесе Орталық депозитарийдің қазақстандық депоненттері атына брокерлік шоттар ашқан Ресей Федерациясында және/немесе Беларусь Республикасында тіркелген заңды тұлғалар болып табылатын қаржы құралдарын сегрегациялауға кіріседі», деді «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ хабарламасында.

Тиісінше, Биржа қатысушыларға аталған әрекеттер кезеңінде шетелдік бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша аздаған кідірістер болуы мүмкін екенін хабарлады.

KASE сауда-саттық алаңында клирингілік процедуралар мен сауда-саттықтың ішкі ережелер мен процедураларға сәйкес штаттық режимде өтетін болады.

Айта кетейік, Halyk Finance Ресей мен Белорусь азаматтарының KASE құралдарымен жұмыс істеуін шектеуі жайлы хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз