«Сентрас Коммеск Life» пен «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы бірігеді

Жарияланды

«Сентрас Коммеск Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ мен «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ бірігіп, бір компанияға айналады. ҚНРДА сақтандыру компанияларының бірігуіне рұқсат берді.

«Қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес, «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-тың құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес «Сентрас Коммеск Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-на өтеді», делінген хабарламада.

Осылайша, «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ «Сентрас Коммеск Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сақтандырушылар алдында қабылдаған барлық міндеттемелерін орындайды.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандырады.

2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 2,1 трлн теңгеге дейін 4,0%-ға  өскен.

Активтер құрылымында басым бөлігі бағалы қағаздарға – 68,9% (1,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,1% (132 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,8% (104 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы қаңтарда 1,4 трлн теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы қаңтарда 2,0%-ға немесе 15,1 млрд теңгеге 790 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен көбейді.

Сақтандыру саласының мамандары бұл сала алдағы уақытта қандай тәуекелдермен бетпе-бет келетінін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз