Теңгелік депозиттердің мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды
Фото: shutterstock.com
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың маусымына арналған шекті мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Бұл депозит нарығында қалыптасқан жағдаятқа байланысты деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатынғы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтынын ескертеді.
«Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін»,- делінген хабарламада.
Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеден танысып шығуға болады:
Депозиттің санаты | Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % | Толықтырылатын депозиттер бойынша, % | ||
Мамыр | Маусым | Мамыр | Маусым | |
Мерзімсіз депозиттер | 16,3 | 16,3 | 16,3 | 16,3 |
Мерзімді депозиттер | ||||
3 ай | 17,3 | 17,3 | 16,8 | 16,8 |
6 ай | 17,3 | 17,3 | 16,8 | 16,8 |
12 ай | 14,8 | 14,8 | 14,5 | 14,5 |
24 ай | 10,7 | 10,7 | 10,5 | 10,5 |
Жинақ депозиттер | ||||
3 ай | 18,3 | 18,3 | 17,8 | 17,8 |
6 ай | 18,3 | 18,3 | 17,8 | 17,8 |
12 ай | 16,9 | 16,9 | 15,7 | 15,7 |
24 ай | 14,3 | 14,3 | 13,5 | 13,5 |
2023 жылдың 1 сәуіріне қарай ҚДКБҚ резерві 815 млрд теңгені құрайды. Ал Қордың жарғылық капиталының 70%-ын ескерсек, 980,1 млрд теңгеге дейін барады.