Қырғызстан Қытайға екі жақты визасыз режим енгізуді ұсынды

Жарияланды

Қырғызстан Қытайға екі жақты визасыз режим енгізуді ұсынды. Бұл туралы 24.kg агенттігі Жогорку Кенеш отырысында Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

«27 сәуірде Қытайдың Сыртқы істер министрімен сөйлестім. Олар визасыз режим мерзімі бойынша ұсыныстарды өзіміз енгізуімізді айтты. Мәселені құқық қорғау органдарымен талқылаймыз», – деді министр.

Оның айтуынша, Қытай бұл ұсынысты қабылдауға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз