III Чарльз патшаға тәж кигізу кезінде 30 мыңға жуық полицей қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Жарияланды

Үшінші Чарльз патшаға тәж кигізу салтанаты кезінде 29 мыңнан аса полицей Лондонда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлады.

Қаланың құқық қорғау органдары, Британияның көлік полициясы және Сити ауданы мен Оңтүстік-Шығыс Англия полициясының үйлестірілген қимылына «Алтын держава операциясы» деген атау қойылды.

Жаңа патшаның тәж кигізу жорасы Вестминистер шіркеуінде өтеді. Мұнда 1066 жылдан бері 39 патша таққа отырғызылған.

Елизавета патшайымынан кейін британ тәжі мұрагері үшінші Чарльзге өтті. Монархты ресми ұлықтау рәсімі мамырдың 6-сы күні өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз