«Самұрық-Энерго» табысы екі есе артқанына қарамастан, дивиденд төлеуге 2 млрд теңге бөледі
Жарияланды
«Самұрық-Энерго» АҚ Жалғыз акционері 2023 жылы дивидендтер төлеуге 2,041 млрд теңге бөлуді ұсынды, деп хабарлады компания жұма күні.
Компанияның иелігінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін өз қазынасында 28,09 млрд теңге қалдырылады делінген компания таратқан хабарламада..
Бұған дейін хабарланғандай, «Самұрық-Энерго» таза табысы 2022 жылы 30,306 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе артық.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг, оның акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ»АҚ-ға тиесілі. Қызметтің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру.