Электр энергиясымен қатар көмір бағасы да қымбаттайды

Жарияланды
"Шубарколь Комир" захотел налоговой стабильности от государства после поручения Токаева увеличить сборы с сырьевых компаний

Фото: kursiv.media

«Ашық НҚА» порталында «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы талқыланып жатыр. Шекті тарифті өзгертуге 27 энергия өндіруші ұйымынан өтініш түскен. Сол өтінішке сай 2023 жылдың 1 маусымынан бастап электр энергиясы қымбаттауы мүмкін.

Бұл түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелді емес шығындардын ұлғаюымен және алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықпен байланысты енгізіліп отыр. Отын бағасы шамамен 17 пайыз деңгейінде болжанады. Богатырь-Көмір кенішінде көмір құны 2023 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымға дейін 7%-ға артқан. Ақшамен өлшегенде 2774 теңгеден 2 968 теңгеге дейін өседі. Ал 2023 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін 5% – ға 2 968 теңгеден 3 092 теңгеге дейін көтеріледі.

Жалпы, осы жылы тасымалдаумен бірге көмірдің құны орта есеппен 25%-ға артады деп болжанып отыр.

Бұдан басқа, Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдар үшін тауарлық газдың құнын орташа есеппен 10%-ға ұлғайту жоспарланған.

Мұндай баға өзгерістері жылыту кезеңінен өтуге дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарының қажетті көлемін жабу үшін қажет. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тарифте көзделген көлемде ғана жүргізіледі. Бірақ қолданыстағы тариф тозу мен апаттылықты төмендету бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемге жетпейді екен.

Министрдің бұл бұйрығы 22 мамырға дейін талқылауда болады. Бекітілген соң 2023 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Осыған дейін жанар-жағармай бағасы көтеріліп, 2023 жылдың 12 сәуірінде ҚР Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енген.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған мұнай газының бағасы литріне кемінде 70 теңгеге дейін көтерілетінін де айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз