Елордада 2 жасар бүлдіршін терезеден құлап, аман қалды
Жарияланды
6 мамыр күні Астана қаласындағы Байтұрсынов 37 көшесінде 2021 жылы туған қыз бала үлкен адамдардың қарауынсыз қалып, 7 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан құлап кеткен. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анасы үлкен баласымен тіс дәрігерінде болған кезде үйде отырған әкесі баланың терезені ашып, сыртқа қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
Қуанышқа орай көршілері сыртта құлайын деп тұрған баланы уақтылы көріп қалып, көрпе жайып тұрып баланы қағып алады.
Қыз бала ауруханаға жатқызылды: жағдайы орташа дәрежеде.