Канадада дала өрті өршіп тұр

Жарияланды

Канаданың Альберта провинциясында орман отқа оранды. Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланды. 30 мыңға жуық тұрғын шұғыл қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Мамандар 110 орында өрт шыққанын, оның әзірге 74-сі ғана бақылауға алынғанын айтады.

Тілсіз жаумен күресу үшін Онтарио және Квебек провинцияларынан қосымша өрт сөндірушілер тобы мен тікұшақтар тартылды.

Билік биыл 375 мың гектар аумақты өрт жалмағанын жеткізді.

«Бәрімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Жедел әрекет етуіміз керек. Өйткені өрт жылдам таралып жатыр»,- деді Альберта провинциясының премьер-министрі Даниелле Смит.

«Бастапқы есеп бойынша, өрттен 27 адамның қайтыс болғаны белгілі. Құрбандардың туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Прокуратура мен полиция тергеу ісін бастап кетті»,- деді Арекипа провинциясының губернаторы Рохел Санчес.

Сондай-ақ оқыңыз