Ел тарихында айрықша орны бар мереке – Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, бұл күннің ел тарихында айрықша орны бар мереке екенін атап өтті.
«Сондай-ақ бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен аға буынның жанқиярлығын, қажымас қайраты мен ерік-жігерін әйгілейтін мейрам. Сұрапыл соғыс жылдарында отандастарымыз қайсарлық пен қаһармандықтың теңдессіз үлгісін танытты», делінген құттықтауда.
«Соғыста опат болған боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, ардагерлерімізге лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік борышымыз» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жеңімпаз аға буынның өшпес ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге деген Президент, Майдангерлер жан аямай қорғаған азаттық, әділдік, теңдік құндылықтары Әділетті Қазақстан үшін де мызғымас темірқазық болып қала беретінін атап өтті.
«Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ардагерлеріміз аман болсын! Жеңіс күні құтты болсын!» делінген құттықтауда.
Ақорданың баспасөз қызметі 8-9 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарлайтынын жария еткен болатын. 9-мамыр ол РФ Президентінің шақыруымен Мәскеуде өтетін Парадқа қатысады.
Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, 8-мамыр күні Мемлекет басшысы Ресейдің Ржев округі Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды. Бұл жерде 2 мыңнан астам сарбаз жерленген. Олардың қатарында Президенттің ағасы – Қасым Болтаев та бар.
Ад, Тверь облысына жасаған сапары аясында Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Президент құрмет қарауылымен бірге ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.