Қазақстанда Католик шіркеуінің мүшелері төлем қабылетін растамастан тұрақты тұра алады

Жарияланды
Фото: Shutterstock

Мәжіліс сәрсенбі күнгі отырысында Қазақстанда Католик шіркеуінің мүшелері төлем қабылетін растамастан тұрақты тұруға рұқсат беретін Заң жобасын ратификациялады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл мүмкіндік католик шіркеуінің кез келген субъектілерінде қызмет ету мақсатында шетелден ұзақ уақытқа келген дін қызметкерлеріне беріледі.

«Бұл мәселелер 1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақтың арасындағы қатынастар туралы келісімге Қосымша келісіммен реттеледі. Құжат төлем қабілеттілігін және тұрғылықты жерін растауға қойылатын талаптарды католик шіркеуінің құзыретті органының жазбаша міндеттемесіне ауыстыруды қарастырады» делінген ақпаратта.

Сондай-ақ оқыңыз