Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға жетуі мүмкін
Қазақстан мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы жылына 1 млрд долларға жетуі мүмкін. Тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР ШҰАА ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуйдің кездесуі кезінде қол жеткізілді.
«Қазақстан мұздатылған ет жеткізуді қайта бастауға, салқындатылған ет және балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа еті, жұмыртқа, жылқы еті және басқа да тауар түрлерін экспорттауды бастауға дайын», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қытай нарығы қазақстандық астық экспорты үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.
«Бүгінгі таңда жыл сайынғы жеткізілім көлемін 1 млн тоннаға дейін және одан да көп ұлғайтуға мүмкіндік» бар, деп толықтырды АШМ басшысы.
Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығының 40%-дан астамы Шыңжаңға тиесілі, 2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 382 млн долларды құрады.
2030 жылға қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауданы $35 млрд-қа дейін жеткізу үшін ел үкіметі белсенді түрде жұмыс істеуге дайын екені хабарланған. Өз кезегінде Чжан Сяо қытайлық тараптың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға, теміржол тасымалы көлемін ұлғайтуға, IT-сектордағы өңіраралық өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін білдірген.
2022 жыдың он айында Қытайдың Қазақстанмен шекарасында жүк тасымалдау көлемі 12%-ке өскен болатын. Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелдері арқылы 19,4 млн тонна жүк тасымалданды. ҚХР-дан транзит 16%-ке, қазақстандық тауарлардың экспорты 12%-ке өсті.