Иранда жеті адам өлім жазасына кесілді

Жарияланды

Иранның солтүстігіндегі Кередж қаласында жеті тұтқын өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Штаб-пәтері Норвегияда орналасқан Иран құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, олардың төртеуі зорлау үшін ең жоғары жазаға, қалғандары есірткі саудасына қатысқаны үшін сотталған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк бұған дейін Иранда жыл басынан бері кем дегенде 209 адам өлім жазасына кесілгенін айтқан болатын.

Ол осындай статистикаға алаңдаушылық білдіріп, Иран билігін өлім жазасын жоюға немесе мораторий енгізуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз