Назарбаев туыстарының қалай байығанын тексеру қажет пе – Сенат төрағасы жауап берді

Жарияланды
Фото: Айгерім Қыдырбаева

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының қалай байығанын тексеру қажет пе деген сұраққа жауап берді.

«Forbes Kazakhstan еліміздегі 50 бай адамның тізімін жаңартты. Ол жерде бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаева, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол да бар. Осы адамдардың қалай байығаны тергелуі керек пе?», деп сұрады журналист.
Әшімбаевтың айтуынша, барлығы заң аясында жүргізілуге тиіс.

«Мұндай мәселенің бәрі заң аясында шешілуі керек. Демократия жолында қадамдарын жүзеге асырып келе жатқан мемлекетпіз. Көптеген мәселе бар. Бірақ осы жолда әрі қарай біраз жеткістікке жетеміз деп сенеміз. Оның бір шарты – құқықтық жүйені дамыту. Кез келген мәселе заң асында шешілуі керек», – деді Мәулен Әшімбаев Сенат отырысынан кейін.

Сондай-ақ сенат спикері өзге де сұрақтарды құқық қорғау органдарына қоюға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз