Биыл машина жасау саласына 230 млрд теңге жұмсалып, 36 ірі жоба жүзеге асырылады

Жарияланды

Фото: Shutterstock

2022 жылы машина жасау саласындағы қаражат көлемі 3,1 трлн теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 31%-ға артқан. Бұл жайлы Астанада өтіп жатқан «Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының» қорытындылаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты.
Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша машина жасау өнеркәсібінің көрсеткіштері 6 пайызды құрайды. Бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызына тең екен. Ал биылғы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша машина жасау саласы көшбасшы орындарға көтерілген. 2023 жылы салада құны шамамен 230 млрд теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде «KamLitKZ» жүк автомобильдерінің компоненттеріне арналған шойын құю зауыты, «Manufacturing-United Energy Qazaqstan» Жел энергетикалық қондырғыларына арналған мұнаралар өндіру зауыты, «Silk Road Electronics» Тұрмыстық техника шығару зауыты, «Bolashak Electric» жабық жоғары вольтты вакуумдық автоматты ажыратқыштар өндірісі, «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру сынды ірі жобалар бар.

«Әрине, бізде алда әлі атқарылатын жұмыстар көп. Қазақстандық машина жасау саласы дамуын жалғастыруда. Сала бойынша 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 116 мың адам жұмыс істейді», деді Ілияс Оспанов.

Министрлік өкілі машина жасауды дамытуға қатысты кешенді жоспар әзірленіп жатқанын, ол жұмыс шеңберінде бұл сала секторларының проблемалық мәселелері егжей-тегжейлі зерделеніп, бизнес-қоғам өкілдерімен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз