Bank of America   сарапшылары технологиялық компаниялар құлдырайды деп болжайды

Жарияланды

Bank of America  аналитиктері  технологиялық компаниялардың рецессияға байланысты құлдырауын болжайды, деп жазады РБК басылымы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Bank of America сарапшылары рецессия дәл 2008 жылғы құлдырау тұсындағыдай қаржы және технология секторларына әсер ететінін айтады. Қазіргі рецессияға қатысты қорқыныш бұл үрдісті үдете түсуі мүмкін.

Соған қарамастан, технологиялық акцияларға құйылған инвесторлық қаражаттың апта сайынғы көлемі 2021 жылдың желтоқсанынан бері ең үлкен көрсеткіштерге көтерілген. Ал «10 мамырда инвесторлар АҚШ-тың технологиялық секторына 3,8 миллиард доллар құйды», деп хабарлады BofA EPFR Global мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ал екінші жағынан, бір апта ішінде қаржы қорларынан 2,1 миллиард долларға жуық қаражат шығарылған. Бұл 2022 жылдың мамырында АҚШ-та болған аймақтық банк сегментіндегі күйзеліс кезінен бергі ең үлкен сатылым болған. Мамыр айының басында АҚШ Федералдық депозиттерге кепілдік беру корпорациясы (FDIC) First Republic Bank-ті мәжбүрлеп жауып, оның депозиттері мен активтерін JPMorgan Chase-ке сатты. Бұл жағдайды сарапшылар 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейінгі АҚШ қаржы жүйесіндегі ең үлкен сәтсіздікке балады. First Republic Bank-тің құлдырауы жыл басынан бері АҚШ банк секторындағы болып жатқан төртінші жағдай. Мұның алдында Silvergate Capital Corp, Silicon Valley Bank пен Signature Bank жабылған болатын.

.

Сондай-ақ оқыңыз