АҚШ индекстері 01-07 пайызға өсті
Фото: shutterstock.com
Дүйсенбі күні АҚШ қор нарығындағы сауда-саттық қалыпты өсіммен жабылды. Оған Nasdaq, Dow Jones Global және S&P US мәліметтері дәлел. Инвесторлардың назары АҚШ үкіметінің қарыз лимиті туралы жаңалығына ауған.
Dow Jones индустриялық индексі 0,1%-ға өсті. Intel, American Express және Walgreens Boots Alliance компаниясы өсім көшбасшысы болды. Verizon Communications телекоммуникация компаниясының, UnitedHealth Group медициналық сақтандыру компаниясы мен Walmart бөлшек сауда компаниясының акциялары аутсайдерлер қатарынан табылды.
S&P 500 кең нарықтық индексі 0,3%-ға өсті. Алты сектордың саудасы оң мәнде аяқталды.
Nasdaq Composite Technology Index 0,7%-ға көтерілді. Atlassian, JD.Com электронды коммерция компаниясы мен Micron Technology акциялары өсті. Palo Alto Networks, Exelon және Illumina компанияларының акциялары арзандады.
«Инвесторлар АҚШ-тың Қаржы министрлігі 1 маусымға дейін ақшасын қалуы мүмкін деген қауіптен сақтанып отыр», деп жазады MarketWatch.
АҚШ президенті Джо Байден Ақ үй мен Конгресс көшбасшылары арасындағы талқылаудың екінші раунды сейсенбі күні өтетінін мәлімдеді. Ол журналистерге тараптардың бір мәмілеге келеріне сенімді екенін жеткізді.
Ірі банк акцияларының өсуі трейдерлерге оптимизм берді. KBW сарапшысы Дэвид Конрадтың айтуынша, ірі банктер акцияларының құбылмалылығына қарамастан, бірінші тоқсанда жақсы нәтиже көрсеткен. Morgan Stanley және Goldman Sachs Group сынды ірі банктердің акциясы сәйкесінше 0,7% және 0,8% өсті.
Infrastructure Capital Advisors сарапшылары маусым айында бағаның өсуі баяулайды деп есептейді. Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) және өндіруші бағасының индексі сәйкесінше 3,5% және 0,9% болады. Сәуір айында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 4,9% және 2,3% болды.
KASE индексі 0,28%-ға өсіп, 3 607,34 тармақты құрады. Акциялары биржа индексіне енген бес компания бағалы қағаздарының саудасы оң мәнде аяқталды.
Лондон қор биржасында Kaspi акцияларының құны 0,7%-ға қымбаттап, $84-ке дейін, Halyk Bank GDR құны 0,3%-ға, $13,9-ға дейін өскен. Қазатомөнеркәсіп акциялары керісінше 0,2% арзандап, $29-ға дейін төмендеді.