Қостанайда «инвестициялық компанияға» ақша салуға шақырған адам 6 жылға сотталды
Қостанай облысында «Antares» қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірген.
Пирамиданы ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтаған.
«Сотталушы 2021 жылы «Antares» «инвестициялық» компаниясының бөлімін басқаратыны және , күнделікті кепілді пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратқан. Адамдарды осы «инвестициялық» компанияға ақша салуға шақырған», делінген хабарламада,
Сот сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.
Сот сотталушының 3 жас баласының болуы мен жүктілігін есепке ала отырып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстанда қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жолмен ақша табатындар азаймай тұр. Наурызда Qnet қаржы пирамидасының тағы бір ұйымдастырушысы ұсталған болатын.
Ал ақпанда Бас прокуратура «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп, 15 адам сотталған еді.
Ақмола облысында «LV FORCE» қаржы пирамидасын құрған Е.Е.Лишко 5 жылға бас бостандығынан айырылған.