Антикор Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады
Фото: Кентау қаласы әкімдігі
Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
2013 жылы ол Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берген.
«Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады. Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылды», делінген хабарламада.
Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол әр жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Кентау қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.
Ол 2022 жылдың 17 қазанынан бері Астана қаласы бойынша түзеу қызметі департаментінің № 64 (СИЗО) аралас күзет мекемесінде қамауда отыр.
Кеше Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғаны хабарланған.