Байденнің мәлімдемесінен кейін, АҚШ индекстері өсті
Фото: kursiv.media
Джо Байден АҚШ мемлекеттік қарыз бойынша дефолтқа жол бермейді деп мәлімдегеннен кейін, АҚШ қор нарығы сауданы өсіммен жапты.
Dow Jones индустриялық индексі 1,2%-ға өсті. Home Depot бөлшек сауда желісі, JPMorgan Chase & Co инвестициялық банкі және Boeing аэроғарыш корпорациясының акциялары өсім көшбасшысы болды. Intel, Merck & Co және Procter & Gamble акциялары арзандады.
S&P 500 кең нарықтық индексі 1,2%-ға өсті. Екі сектордан басқа бүкіл сектор сауданы оң мәнде аяқтады.
Nasdaq Composite Technology Index 1,3%-ға көтерілді. Marvell Technology мен Applied Materials, электромобиль өндіруші Tesla жақсы табысқа жетті. Illumina компаниясы, қытайлық JD.Com электрондық коммерция компаниясы мен сымсыз байланыс операторы T-Mobile US аутсайдерлер қатарынан көрінді.
17 мамыр күні Байден конгресс жетекшілері мемлекеттік қарыз дефолтына жол бермейтін келісімге келеріне сенім білдірді. Бұл жаңалықтан кейін Nasdaq 2022 жылдың тамыз айынан бері рекорд көрсеткішке жетті, ал басқа индекстер Dow Jones Market Data мәліметі бойынша екі апталық рекорд орнатты.
«Бізде бюджет бойынша келісімдер болатынына сенімдімін және АҚШ дефолтқа жол бермейді», – деп келтіреді MarketWatch Байденнің сөзін.
Конгресс мемлекеттік қарыз лимитін көтермесе, Америка Құрама Штаттарының 1 маусымға дейін қаражатсыз қалу қаупі бар екенін АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен бұған дейін айтқан болатын.
Barron’s.басылымы Нарық өкілдерінің көңіл-күйі де банктердің жақсы тоқсандық нәтижелеріне байланысты жақсарды деп жазады. Western Alliance Bancorp екінші тоқсанда депозит өскенін хабарлағаннан кейін, жергілікті АҚШ банктерінің акцияларының құны көтерілді. Қаржы ұйымы бағалы қағаздарының бағасы 10,2%-ға қымбаттады.
Target акциялар 2,6%-ға өсті. Ретейлердің тоқсандық табысы мен сатылымы сарапшылар болжағаннан жоғары болды.
TJX Companies бағалы қағаздарының бағасы 0,9%-ға өсті. Бұл бас компания T.J. Maxx, HomeGoods және Marshalls тоқсанда күткеннен де жақсы кіріс жариялады.
Tesla акциялары 4,4%-ға қымбаттады. Электромобиль өндірушісінің басшысы Илон Маск жақын арада зейнетке шықпайтынын айтып, компания жағдайы жақсаратынын болжады.
WeWork акцияларының бағасы компания өзінің бас директорының жақын арада кететінін жариялағаннан кейін 24,7%-ға арзандады.
KASE индексі 0,02%-ға төмендеп, 3 588,91 болды. Акциялары биржа индексіне енген бес компанияның бағалы қағаздарының саудасы оң мәнде аяқталды.
Лондон қор биржасында Қазатомөнеркәсіп бағалы қағаздарының бағасы 3,1%, $28,3-ке дейін, Kaspi акцияларының құны 2,15%, $82-ге дейін төмендеді.