Қаңтар оқиғасына қатысты 24 адамға сот үкімі шықты
Фото: kursiv.mediа
Алматы соты қаңтар оқиғасы бойынша 25 айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.
Айыпталушылар 2022 жылдың қаңтар айының 4-5 күндері Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Олар тұрғын үйлерге, қызметтік және өндірістік үй-жайларға түсіп, аса ірі көлемде ұрлық жасаған. Ұрланған мүлік арасында көліктер де бар. Сонымен бірге олардың қауіпті өндірістік объектінің аумағына, сонымен қатар арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кіргені анықталған.
Сотта олардың алдын ала келісім бойынша атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлағаны анықталған. Сонымен бірге оларға төтенше жағдай тұсында «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, бір топ адам алдын ала келісім бойынша мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіріп, мүлкін бүлдірді» деген айып тағылған.
«Рақымшылық заңы қолданылып, 20 тұлғаға 9 айдан 1 жылға дейін шартты түрде сот шешімі шықты. Рақымшылық заңына байланысты оның 4-уі жазадан босатылды. 1 адамға қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды», делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері де сотқа тартылды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлімдеген.
Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, бұрынғы министр 12 жылға сотталған болатын.